Бірінші желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. 1 декабря –
Бүгін гимназияда "1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай 8 "В" сынып оқушылары сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын — алу, оның жұғу жолдарын, одан қорғана білуін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.