Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
19
тамыз
2021

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы


«Мектепке жол» акциясы туралы ақпарат

24 шілде күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылованың және «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары О.Ордабаевтың қатысуымен “Менің Атамекенім” порталындағы «Мектепке жол» платформасы ресми іске қосылды.  Ендігі кезекте материалдық көмек көрсету үрдісі бұдан былай, «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады. Көзделген басты мақсат – көмекке мұқтаж жандар мен қайырымдылық жасайтын азаматтардың арасында байланыс орнату және көмекке зәру адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін жауапсыз қалдырмау. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар білім беру органдары мен ұйымдары арқылы да көмек көрсете алады. Ендігі кезекте демеушілер мен меценаттар atamekenim.kz порталында орналасқан өтінім және тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсете алады. Барлық әлеумкеттік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары осы сайтқа тіркеліп, көмек ала алады. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: