ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Ахмановпен кездесу. Встреча с Заслуженным деятелем Республики Казахстан М.Ахмановым. » 147 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Ахмановпен кездесу. Встреча с Заслуженным деятелем Республики Казахстан М.Ахмановым.
12
желтоқсан
2023

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Ахмановпен кездесу. Встреча с Заслуженным деятелем Республики Казахстан М.Ахмановым.

Бүгін №147 гимназияда  16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай  театр және кино актері, режиссер, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ноянбайұлы Ахманов  және  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұғыманова Хазима Мулхановнамен  «Өмірі өнерімен өрнектелген.....» тақырыбында кездесу кеші өтті. Театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп баға беруі де тегін болмаса керек. Сонымен бірге,  кино - әлемдік ықпал үшін күрестегі теңдессіз мәдени-идеологиялық құрал. Кино – шынында да біз үшін өнер ішіндегі ең маңыз¬дысы. Қазақ киносының өркендеуі – қазақ ұлтының өркен¬деуі, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі. Саналы ғұмырын сахнаға арнаған саңлақ тек театр өнерінің төрін ғана бағындырып қоймай, көгілдір экранда түрлі тұлғалардың бейнелерімен қалың көпшілікке танылды. Атап айтсақ, «Әлкей. Ғұлама ғұмыр», «Менің күнәлі періштем», «Елбасы жолы», «Парыз», «Астана – махаббатым менің» фильмдерінің басты кейіпкерлерін сомдаған - Өмірі өнерімен өрнектелген тұлға.Көгілдір экранда тұғыры биік тұлғବларды сомдаған сахна өнерінің сардары әңгіме барысында өзінің өмір жолы, ойнаған рөлдері туралы сыр шертті , оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Гимназия директоры Р.А.Макежанова оқушыларға айтқан салиқалы әңгімесі үшін суреткерлікті сүйетін, сахна өнерін сан түрлі бояуға бояп, киелі кеңістікте келісті өнер тудыра білген өнер иесіне алғысын білдірді. Бүгінгі кеш өте тартымды өтті, оқушылар   рухани азық алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: