Ұлы Отан соғысының ардагері,тілші Дабаев Ізгілік Нұрмағамбетұлы құттықтады. Поздравил ветеран Великой Отечественной войны, журналист Дабаев Изгилик Нурмагамбетул. » 147 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Отан соғысының ардагері,тілші Дабаев Ізгілік Нұрмағамбетұлы құттықтады. Поздравил ветеран Великой Отечественной войны, журналист Дабаев Изгилик Нурмагамбетул.
10
мамыр
2023

Ұлы Отан соғысының ардагері,тілші Дабаев Ізгілік Нұрмағамбетұлы құттықтады. Поздравил ветеран Великой Отечественной войны, журналист Дабаев Изгилик Нурмагамбетул.

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам. Халқымыздың ерлігі мен даңқының көрінісі болған бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Алмалы ауданы әкімдігі, "Риксос" қонақ үйі және 147 гимназия оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері, тілші Дабаев Ізгілік Нұрмағамбетұлын Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагер-журналист өткен күннің тарихынан сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа бейбіт күн тіледі. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күрескендер айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: