" Жазда су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары". «Принципы поведения в водоемах летом». » 147 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Жазда су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары". «Принципы поведения в водоемах летом».
23
мамыр
2023

" Жазда су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары". «Принципы поведения в водоемах летом».

Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы ЕСКЕРТЕДІ‼️🚨
Суда сақ болыңыздар!
Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың судағы 
қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы немесе оларды білмеуі.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқып, есіңізде сақтаңыз:
1. Мас күйде шомылмаңыз;
2. Арнайы жабдықталған жағдайларда және ресми рұқсаты мен құтқару 
қызметі бар шомылуға арналған өзге де жерлерде ғана шомылмаңыз;
3. Егер жүзе алмасаңыз, суға беліңізден жоғары кірмеңіз;
4. Шомылу барысында бір-біріңізді көзден таса етпеңіз;
5. Жағалаудан алысқа, қалтқы мен қоршау белгілерінен аспаңыз;
6. Жүзе Жүзе алмасаңыз, шомылуға арналған үрлемелі матрацтар мен 
шеңберлерді пайланбаңыз;
7. Кетіп бара жатқан катерге, қайықтарға жақындамаңыз;
8. Қайықтардан, көпірлерден және өткелдерден суға секірмеңіз;
9. Өте ұзақ шомылмаңыз, денеңізді тоңуы және шаршауы мүмкін;
10. Түнгі уақытта шомылмаңыз;
Жүзушінің суда денесі тоңазыған сәтте қолының, көбінесе екі аяғының 
сіңірі тартылуы мүмкін. Сіңір тартылған жағдайда тез арада судан шығу 
керек. Егер судан шығу мүмкіндігі болмаса, келесі іс-қимылды жасау 
керек:
1. Жүзу әдісін өзгерту – шалқалай жүзу;
2. Қол саусақтарының тартылғанын сезген кезде, бірден күшпен жұдырықты 
түйіп, сырт жаққа қарай қолды сілтеп, жұдырықты ашу керек.
3. Аяқтың балтыр бұлшық еттерінің сіңірі тартылған кезде бүгіліп екі 
қолмен сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстап, өзіне күшпен тартуы керек.
4. Сан бұлшық еттерінің сіңірі тартылған кезде аяқты жіліншіктеп төмен 
сырт жағынан ұстап, тізені бүгіп, қолмен арқаға қарай тартуы керек.
5. Кез келген үшкір затты (түйреуіш, ине, т.б) денеге сұғып көру.
6. Жүзуші адам шаршаған кезде суда демалудың жақсы тәсілі «шалақай жату» 
екенін есте сақтауы тиіс.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 наурыз 2023 ЖАДНАМА!
02 маусым 2021 Су қауіпсіздігі