Іс-шаралар » Страница 3 » 147 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
Жаңа жыл мерекесі. С Новым Годом
26
желтоқсан
2023
Жаңа жыл мерекесі. С Новым Годом
 Жаңа жыл мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында, 26-27 желтоқсан күндері 5-11 сыныптарда «Төрлет, Жаңа жыл» атты тақырыпта кеш өткізілді. Балалар кеште біркелкі киініп, өз өнерлерін көрсетті. 11 сыныптар ұйымдастырған ойындарға қатысып, көтеріңкі қөңіл-күймен қайтты. 
Құқықбұзушылыққа жауапкершілік. Ответственность за правонарушение
19
желтоқсан
2023
Құқықбұзушылыққа жауапкершілік. Ответственность за правонарушение
 10 желтоқсан «Адам құқығы» күніне орай, 1.«Құқықбұзушылыққа жауапкершілік», 2. «Тәртіп пен мінез-құлық мәдениеті, жауапкершілік және орындаушылық» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаты болып өтті
Тәуелсіздік- тарихи, шынайы тарих.Независимость – это историческая и подлинная история
15
желтоқсан
2023
Тәуелсіздік- тарихи, шынайы тарих.Независимость – это историческая и
8 «А» сыныбы Тәуелсіздік тарихи шынайы тарих» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға еліміздің  тәуелсіздік алғалы 32 жыл ішіндегі  жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту, Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.Қаншама қиындықпен қол жеткізген тәуелсіздігімізді құрметтеп, қадірлеуге тәрбиелеу, Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен
Аманғазы Кәріпжанмен кездесу. Встреча с Амангазы Карипжаном.
15
желтоқсан
2023
Аманғазы Кәріпжанмен кездесу. Встреча с Амангазы Карипжаном.
«Ақынның рухты болуы – елінің мықты болуы» атты тақырыпта Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ақын, сазгер, желтоқсан оқиғасына қатысушы Аманғазы Кәріпжанәулетімен кездесу өтті. Сонымен қатар, Алматы ықшамы газетінің тілшісі Ескендір Раямен кездесу кеші өтті. Іс-шарада желтоқсан көтерілісін көрініс ретінде көрсетіп, Кәріпжан өлеңін мәнерлеп оқып, мың бұралған биші қыздарымыз би билеп, ән шырқап өнерлерін көрсетті. Кеш
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Ахмановпен кездесу. Встреча с Заслуженным деятелем Республики Казахстан М.Ахмановым.
12
желтоқсан
2023
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Ахмановпен кездесу. Встреча с
Бүгін №147 гимназияда  16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай  театр және кино актері, режиссер, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ноянбайұлы Ахманов  және  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұғыманова Хазима Мулхановнамен  «Өмірі өнерімен өрнектелген.....» тақырыбында кездесу кеші өтті. Театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп
Бірінші желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. 1 декабря – Всемирный день борьбы со СПИДом.
28
қараша
2023
Бірінші желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. 1 декабря –
Бүгін гимназияда "1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай  8 "В" сынып оқушылары сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын — алу,  оның жұғу жолдарын, одан  қорғана білуін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. 
«Мейірімділік құндылығы,қоғамдық игілікке қызмет ету» тәрбие сағаты. Кл час «Ценность доброты, служащей общественному благу».
07
қараша
2023
«Мейірімділік құндылығы,қоғамдық игілікке қызмет ету» тәрбие сағаты.
 « Мейірімділік құндылығы,қоғамдық игілікке қызмет ету» тақырыбы аясында сыныптарда сынып сағаты өтілді. Тақырыбын: «Мейірімділік әлемінде», «Анаға құмет, әкеге ізет» деп алды. Мақсаты: оқушыларға мейірімділіктің құндылығын түсіндіру арқылы отбасындағы әке мен ана рөлін әр балаға түсіндіру. Мейірімділіктің бастау жолы отбасын сыйлаудан басталатынын ерекше атап көрсетті.