"Үздік ұстаз-2023" » 147 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қазан
2023

"Үздік ұстаз-2023"

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру және  шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген педагогтердің қатысуымен жыл сайын «Үздік педагог» республикалық байқауын өткізеді.
Биылғы 2023 жылғы шілде-тамыз айларында Алмалы ауданы білім беру ұйымдарының арасында Республикалық «Үздік педагог» байқауының аудандық кезеңі  өткізілді. Байқауға ауданнан 17 үміткер қатысты. Аудандық кезеңде   100 балдың 80 пайызынан жоғары жинаған 3 мұғалім: Тулебаева Салтанат Жаксылыковна, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі; Лаханова Бақытжамал Әріпханқызы, №24 лицейдің математика пәнінің мұғалімі; Токабаева Гульназ Кадырбаевна, №147 гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі, қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарды  Алмалы ауданы білім бөлімінің басшысы Қойшыбаева Зоя Кашкинбаевна дипломдармен марапаттап, Алмалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Оразалиева Раушан Дүйсебаевна сыйлықтар табыс етті. Қалалық кезеңге өткен ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: