Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
Есепші бөлімі:
+7(727)2-79-05-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальі табысталды.
08
мамыр
2025
"Ұлы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальі табысталды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай- құрмет пен тағзым!!!  ҚР Президентінің еңбек және тыл ардагерлерін  құттықтаған "Жеңіске 80жыл" мерекелік  медалін гимназия ұстаздары мен оқушылары табыстап қайтты.  Еліміздің келешегіне еткен ерен еңбектеріңіз әрқашан бағаланады
9 -мамыр "Ұлы Жеңіске 80 жыл" тақырыбында  видеоролиг жинағы көрсетілді
06
мамыр
2025
9 -мамыр "Ұлы Жеңіске 80 жыл" тақырыбында видеоролиг жинағы
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ҚР Қорғаныс министрлігінің хатына (№4/22/3675) сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметке деген қызығушылықты жоғарылату және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жасақталған  9 мамыр жинағы видеоролигі гимназия оқушыларына көрсетілді.
Еркін күрестен І орын
06
мамыр
2025
Еркін күрестен І орын
Еркін күрестен өткен қалалық турнирде 7 "А" сынып оқушысы Жылысбай Ерсайын І орын иеленді. Құттықтаймыз. 
"Отбасы - бақыт мекені" және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай тәрбие сағаты
05
мамыр
2025
"Отбасы - бақыт мекені" және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне
1-11 сыныптарда "Отбасы - бақыт мекені" және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай тәрбие сағаты болып өтті. 
“ Ер есімі-ел есінде” атты ашық тәрбие сағаты
05
мамыр
2025
“ Ер есімі-ел есінде” атты ашық тәрбие сағаты
05.05.2025ж 4 “Б” сыныбы 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында “ Ер есімі-ел есінде” атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында өрімдей жас балалардың соғысқа аттануы, әке иісін сағынған бала, соғысқа аттанған азаматын зарыға күткен жар, баласының тілеуін тілеуші ананың бейнесі көрсетіліп, бұл Жеңіс ата-бабамызға оңай келмегенін, қасық қаны тамғанша Отан үшін жан аямай күресінің нәтижесі екенін тағы бір көрсетіп берді. Тәрбие сағатына ата-аналар да өз үлестерін қосып, ұрпақтар
9-сынып оқушылары «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалына барып қайтты
24
сәуір
2025
9-сынып оқушылары «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалына барып қайтты
28.04.2025ж. 9-сынып оқушылары «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру әрі өскелең ұрпақты техникалық мамандықтарға бағдарлау мақсатында жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандардың жұмыс орнына экскурсия ұйымдастырды. Осы экскурсияға №147 гимназия 9-сынып оқушылары барып, жұмыс орнымен танысып келді.
"Өнегелі 15 мин"
21
сәуір
2025
"Өнегелі 15 мин"
1 "В" сынып оқушылары 15мин қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында кітапханаға саяхат жасады.
Кітап күні 27-сәуір.
16
сәуір
2025
Кітап күні 27-сәуір.
2 "В" сынып оқушылары 27-сәуір "Кітап күніне" орай кітапханаға барып, сүйікті кітаптарын алды. 
Діни экстремизм  мен терроризмнің алдын алу бойынша семинар
16
сәуір
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша семинар
Діни экстремизм  мен терроризмнің алдын алу мақсатында мектеп ұстаздары мен ата-аналары аудандық семинарға қатысты. Семирнарда маманға түрлі сұрақтар қойып, жауаптар алды. Ол семинар онлайн түрде болып өтті. 
Мұғалімдер аттестациясы
01
сәуір
2025
Мұғалімдер аттестациясы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы.