17
сәуір
2025
«Шығыстан шырқап шыққан шынарларым...» тақырыбында аудандық кездесу кеші
17 сәуір 2025 ж. №147 гимназияда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігін дәріптеу, үлгі ету мақсатында «Шығыстан шырқап шыққан шынарларым...» тақырыбында аудандық кездесу кеші өткізілді. Қазақтың тарихында ерлігімен есте қалып, аты аңызға айналған қан майданда ер-азаматтармен бірге тобықтарынан су кешіп , ел қорғаған батыр қыздарымыз қаншама. Олар ел шетіне жау келгенде, қолдарына найза ұстап, сұм соғысқа қасқайып қарсы тұрды. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, от қарумен Отанын қорғады. Батырлық пен қайраттылықты өн бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер қазақ қызының таза да тұнық болмысы - тектілігіміздің айнасы. Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді қазақ қыздарының бойынан табылған ерлік – тәрбие жемісі. Бүгін осы батыр қыздарымыздың, Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігі насихатталды.
Кеш қонақтары :
Алмалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы-Қабылов Батай Маманұлы;
Ұйым мүшелері:
1)Жоламанов Балиқан Жүсіпұлы
2)Тоқсанбаева Зоя Қайыржанқызы
1) «Застава тарландары» кеңесінің Алматы филиалының басшысы , полковник Мұңабаев Арнұр Мұханбетұлы. Шекара қызметінің және ауған соғысының ардагерлері:Ертышбаев Қазақбай Зайнуллаұлы, Камышев С.А, Сыйқымбайұлы С, Дәулетбаев Т.К.
✅Алмалы ауданы “АЯЛЫ ӘЖЕЛЕР” алқасы төрайымы-Маликова Кулпаш Дембайқызы
Алқа белсенділері :
1) Суйесинова Раия Асылғазықызы
2) Роза Әуелбекқызы
✅Алмалы ауданы Білім бөлімінің әдіскері-Дашу Русланқызы